Зеленский Американың пайдалы қазбалар жайлы шартына қол қоюы мүмкін

Жарияланды
Трамп әкімшілігінде Украина бойынша арнайы елші пайда болады
Трамп әкімшілігінде Украина бойынша арнайы елші пайда болады / Фото: АР

Украина Американың пайдалы қазбаларды бірігіп пайдалану туралы шартына келісуі мүмкін. Киев бұл жағдай АҚШ-пен қарым-қатынасты жақсартуға көмектеседі деп сенеді. Бірақ құжатта қауіпсіздікке кепілдік беретін тұсы әлі бекітілмеген тәрізді деп жазады Financial Times. Басылымның мәліметінше, Зеленский жаңа келісімге осы жұмада қол қояды.

«Киев минералды ресурстарын, мұнай мен газды ортақ пайдалану туралы келісімге қол қоюға дайын, бірақ АҚШ мәміледен 500 млрд табыс алу деген талабынан бас тартуы қажет», – дейді басылымның дереккөздері.

Ал Украинаның ресми өкілдері Киевтің Америкамен өте ыңғайлы шартқа келіскенін айтты.

«Пайдалы қазбалар жайлы келісім – жалпы картинаның бір бөлігі ғана», – дейді шарт жайлы келіссөздер жүргізген Украинаның вице-премьері Ольга Стефаншина.

Аты-жөнін көрсетпеуді сұраған басқа шенеунік Зеленский жұма күні Вашингтонға ұшып баратынын айтты. Сол жерде Трамппен кездесіп, мәмілені рәсімдейтін көрінеді.

Америка Киевке ұсынған келісімге сәйкес, екі тараптың қатысуымен «Инвестициялық қор» құрылуы тиіс. Трамп әкімшілігі егер Украинаның реурстарын бірге пайдаланатын болсақ, қауіпсіздікке кепілдік береміз деп отыр. Қорға толығымен АҚШ иелік етеді.

Бұған дейін Зеленский Америка ұсынған бірінші келісімге қол қоюдан бас тартқан. Ол АҚШ ұсынған көмекті қарыз емес грант ретінде қабылдаймыз деп, «украиналықтардың он буынына дейін қарыз қылатын» көмек пакетіне келіспейтінін айтты.

Сондай-ақ оқыңыз