«Құйрық маймен емделу – жабайылық емес»: «Қорғаста» дәстүрлі медицина орталығы ашылды

Жарияланды
«Қорғаста» дәстүрлі медицина орталығы ашылды / фото: kursiv.media

Бұдан былай қазақстандықтар «Қорғасқа» тек сауда жасау үшін ғана емес, ем алу үшін де бара алады. 24 ақпаннан бастап орталық аумағында Шығыс халықаралық медициналық орталығы жұмысын бастады. Бұл жерде қытай, моңғол, ұйғыр және қазақтың дәстүрлі емдеу әдістері бойынша медициналық қызметтер ұсынылады. Kursiv Media тілшілері «Қорғасқа» барып орталықтың жұмысымен танысып қайтты.

Қазақстандық туристер үшін «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығына Қытайдың Алтай қаласынан этникалық қазақ дәрігерлерін арнайы алып келді. Олар ежелгі халықтық әдістермен емдейді. Мысалы, ұзаққа созылған ауыр тұмауды емдеудің бір жолы – науқасты жаңа сойылған қойдың терісіне орау.

Қазіргі таңда орталықта туристерге:

  • Пульстік диагностика – ағзадағы әлсіз нүктелерді тамыр соғысы арқылы анықтау
  • Массаж және ине терапиясы
  • Шипалы шөптерден дайындалған емдік ванналар
  • Дәрілік шөп шайларын ішу

Орталықтағы қызмет бағасы 15 600 теңгеден басталады. Бұл пакетке стандартты қонақүй нөмірінде тұру, емдік ванна және арқа массажы кіреді.

Қазақстандықтар үшін қандай пайдасы бар?

«Қазақстандықтар үшін бұл орталықтың қандай тиімділігі бар» деген сұраққа медициналық орталықтың директорының орынбасары Жанг Паоми былай жауап берді:

«Қытайда медициналық қызметтердің бағасы мемлекет тарапынан реттеледі. Сондықтан Қытай аумағында және Қорғаста емделу бағасы бірдей,»- деді Паоми.

Ал қазақстандық дәстүрлі медицинаға келсек, бүгінде негізінен құйрық маймен емдеу және «көз тиюге» қарсы су бүркіп, дем салумен шектеледі. Бұл әдістер ауылдық жерлерде ғана сақталған және көпшілік алдында қолдану ұят саналады. Сондықтан қытайлықтар қазақстандық туристердің жаппай ағынын күтпей-ақ қоюына болады.

Орталықтың мақсаты қандай?

Орталықтың басты мақсаты – қытай дәстүрлі медицинасының мәдениетін насихаттау.

Жанг Паоми:

«Бұл жерде туристер ем алумен қатар, Қытай медицинасының бай мәдениетін тереңірек танып, түсіне алады. Егер диагноз ауыр болса, біз науқастарды Хоргос қаласындағы ауруханаларға жібереміз. Болашақта орталықты кеңейтіп, операция жасау мүмкіндігін де қарастырып отырмыз», – дейді.

Сонымен қатар орталықта Алтайдан келген этникалық қазақ дәрігерлері жұмыс істейді, сондықтан тілдік кедергі болмайды.

фото: kursiv.media

Қазақ медицинасы Қытайда қалай дамыған?

Пульстік диагностика маманы Айгүл Әділбектің айтуынша, Алтай – қазақтың дәстүрлі медицинасының ғылыми орталығы, онда бұл сала университеттерде оқытылады. Қытайда қазақ дәстүрлі медицинасы: шөптермен, құйрық майымен, массаж, қойдың терісіне орау сияқты емдеу әдістерді қамтиды.

Ал «ұшықтау», яғни суға дем салып, бүрку – Қытайда заңмен қатаң тыйым салынған.

фото: kursiv.media

Медициналық орталықтағы музей

Орталықта дәстүрлі медициналық мұраларға арналған музей де бар. Мұнда 660-тан астам шөп түрі қойылған. Сондай-ақ бұтақтар, жапырақтар, экзотикалық өсімдіктер, ағаш қабығы, жорғалаушылардың қабыршақтары мен сүйектері вакуумді колбаларда сақталған.

Қазақстандық туристер үшін бұл орталық, шын мәнінде, пайдалы бола ма, әлде бұл тек қытай медицинасының насихаты ма – оны уақыт көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыз