Азат Перуашев: «Temu, AliExpress тәрізді маркетплейстер ҚҚС төлеуі керек»

«Ақ жол» партиясының көшбасшысы Азат Перуашев Temu, Amazon, AliExpress тәрізді шетелдік маркетплесйтер қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуі керек деп есептейді. Оның сөзінше, шетелдік маркетплейстердің кесірінен қазақстандық өндірушілер зардап шегіп жатыр.
«Шетелдік маркетплейстер 200 еуроға дейінгі тауарларды бажсыз әкелу құқығын пайдаланады. 2023 жылы шетелдік маркетплейстер 505 млрд теңгенің тауарын жеткізді. Бірақ бюджетке 24 млрд теңге ғана төледі, бұл айналымның 4,8%-ы ғана. Бұл кедендік баждан толығымен кету деген сөз, ҚҚС-дан 2,5 есе аз. Шетелдік маркетплейстердің ҚҚС-дан жалтаруы салдарынан бюджет 60 млрд теңгеден айырылды», – деді ол.
Депутаттың мәліметінше, жергілікті платформадағы қазақстандық сатушылар әлдеқайда көп төлейді. Оларды ҚҚС, әлеуметтік төлемдер, кедендік баж және басқа да салық түрлерін төлеуі тиіс.
«Шетелдік маркетплейстер (Temu, Amazon, AliExpress және басқалар) физикалық тұрғыда Қазақстанда емес. Сондықтан заңнамамызда көрсетілген салық пен алымдарды төлеуден жалтарады. Бұл импортқа салық салудағы әлсіздігіміз», – деп атап өтті Азат Перуашев.
Осыған байланысты «Ақ жол» фракциясының атынан Перуашев бірнеше нұсқаны ұсынды:
- шетелдік маркетплейстер Қазақстанның салық органдарында міндетті түрде тіркелуі туралы талап енгізу
- қазақстандық тұтынушылардан алған кіріс үшін міндетті түрде ҚҚС және басқа да салықтар төлеу
- Шетелдік сауда желілері арқылы жүзеге асырылатын бажсыз сауданың параметрлерін төмендету немесе нөлге теңестіру мәселесін қарастыру
- отандық е-коммерция үшін мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастыру
- Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік маркетплейстер биылға дейін елде тіркелмеген еді. Былтыр қаржы министрлігі Pinduoduo-ны салық органдарына тіркеу туралы келіссөздер жүргізген.
Осы жылы ақпанда Қаржы министрлігі Қазақстанда 101 онлайн-платформа салық органдарына тіркеуден өткенін хабарлады. Олардың арасында Temu, Alibaba, Pinduoduo тәрізді маркетплейстер бар.