Қазақстандағы орташа жалақы бір айда 12%-ға өскен
Жарияланды

1 ақпандағы ресми дерек бойынша, Қазақстандағы орташа атаулы жалақы 434 982 теңгеге жеткен.
Бір қызығы, атаулы жалақы қаңтарда 390 мың теңгеден бірден 435 мың теңгеге дейін өсті. Бұл туралы Қаржы министрлігінің есебінде жазылған.
Орташа атаулы жалақы бір айда 12%-ға көтерілген. 2024 жыл соңында ол 390 мың теңге еді.
Ал 2029 жылдың басындағы 187 мың теңгемен салыстырсақ 2,3 есе көбейген.
Ұлттық статистика бюросының әдістемесіне сәйкес, орташа атаулы жалақы – бір жұмысшыға немесе жұмыс істеген уақыт бірлігіне есептелген, ақша бірлігінде көрсетілген жалақы. Ол жалақы қорының жалпы сомасын нақты қызметкерлер санына бөлу арқылы есептеледі