Астанада 19,5 миллион теңгеден астам қарызы бар борышкердің көлігі ұсталды

Астанада Сарайшық көшесінде полиция қызметкерлері «TANK» автокөлігін тізгіндеген 34 жастағы жүргізушіні тоқтатты.
Көлік айып тұрағына қойылды
«Қорғау» деректер базасы арқылы тексеру барысында азаматтың 19,5 млн теңгеден астам қарызы бар екені анықталды. Оның көлігіне жеке сот орындаушылары тарапынан тыйым салыныпты. Заңнамаға сәйкес, көлік ұсталып, коммуналдық тұраққа қойылды.
Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Әділбеков заманауи бақылау жүйелерін пайдаланудың артықшылығын айтты. Оның пікірінше, бұл заң бұзушыларды дер кезінде анықтап, тиісті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.
Полиция жол қозғалысын бақылайды
«Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Азаматтарды осындай жағдайға түспеу үшін қаржылық міндеттемелерін уақтылы орындауға шақырамыз», – деді ол.
Полиция қызметкерлері жол қозғалысы және қоғамдық тәртіп саласындағы заңнаманың сақталуын бақылап жүргенін айтты.
«Қауіпсіз жол» іс-шарасы
21 ақпанда полиция «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіп жатқанын хабарлаған. Ондағы мақсат – Астанада полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру.
Бұл шара жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға мүмкіндік береді. Әрі жол қауіпсіздігі саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге бағытталып отыр.
Екі күнде – 1700 құқықбұзушылық
Соңғы екі күн ішінде Астанада шамамен 1700 құқықбұзушылық тіркелген. Атап айтқанда, 11 жүргізуші көлікті мас күйінде айдаған. Ал 29 адамның қарсы бағытқа шығып кеткен. 64 жүргізушінің бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өтіп кеткені анықталып отыр. Жолды кесіп өткен 255 жаяу жүргінші де жазаға тартылған. Сондай-ақ 62 апатты жағдай туғызу фактісі анықталды.
46 автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды
Ол кезде «Қорғау» мобильді қосымшасы арқылы мемлекеттік тіркеу нөмірі жалған боп шықты. Арасында мүлдем жоқ 12 көлік анықталып отыр. Барлығы 46 автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.
Полиция департаменті барлық жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Кез келген ереже бұзушылық жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.
Астанада полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы сусынға есірткі қосу деректерінің артқанын айтып, қыз балаларға ескерту жасаған еді.