Полиция Шерзат Полаттың 62 томдық тергеу ісінің аяқталғанын хабарлады

Жарияланды
Шерзат Болат өлімі күдікті
Шерзат Полаттың тергеу ісі аяқталды / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Алматы облысының полициясы Шерзат Полаттың тергеу ісі аяқталғанын хабарлады.

«Кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша өткен жылдың 4 қазанына қараған түні болған қылмысты тергеу аяқталды», – делінген полиция хабарламасында.

Полиция мәліметінше, екі тарап қылмыстық іс материалдарымен толық танысып шыққан. Содан кейін іс материалдары прокуратураға жіберілген.

Алматы облыстық полициясы тергеу барысында 40 сот сараптамасын жүргізіп, 200-ге жуық куәгерден жауап алған. Сонымен бірге күдіктілердің оқиға орнында айтқан жауаптары тексеріліп, процесс қатысушылары арасында беттестіру өткізілген.

«Қылмысқа қатысушылардың барлығына құқықтық баға бере отырып, 8 бейнематериал зерттелді. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады, оның ішінде барлық жиналған дәлелдеме, сараптама қорытындысы, жауап алу хаттамасы және басқа да маңызды материал бар», – деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Полиция мәліметінше, тергеу қылмыстық заңнама талаптарына сәйкес жүргізілген.

Мұның алдында Шерзатың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғанын қорғаушы Карина Көшербаева хабарлаған болатын.

Артынша, Саида Тәуекелева бұл қылмысқа қатысты соттың наурызда басталуы мүмкін екенін айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз