Еуразиялық даму банкі Solidcore-ға 100 млн доллар несие берді

Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) Solidcore Resources компаниясына 100 млн доллар көлемінде несиелік желі ашты деп хабарлайды қаржы ұйымы.
«Біз Solidcore Resources компаниясымен табысты ынтымақтастығымызды жалғастыра алатынымызға қуаныштымыз және бөлінген қаржыландыру олардың стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруға және бизнесін дамытуға айтарлықтай ықпал етеді деп сенеміз», – дейді ЕАДБ-ның аға басқарушы директоры, жобалық бөлім жетекшісі Азамат Төлеубай.
Әзірге несие Solidcore Resources-қа қандай мақсатта қажет екендігі белгісіз.
Бұған дейін компания «Банк ЦентрКредитпен» келісімге отырып, жеті жылға дейін 60 млн доллар несие алуды жоспарлаған. Ол қаражат күн және газ поршенді электробекеттердің құрылысына жұмсалады.
Нақты айтқанда, Варваринск кен орнында қуаттылығы 40 МВт болатын газ поршенді электрбекеті және қуаты 23 МВт болатын күн станциялары салынады. Ал Қызыл кен орнында 17 МВт болатын тағы бір күн энергиясымен жұмыс істейтін бекет іске қосылады.
Одан бөлек компания биыл Ертіс гидрометаллургиялық комбинатының құрылысын кіріседі, ол жобаға 160 млн доллар бөлуі керек.
Solidcore Resources plc – Қазақстандағы алтын өндіруші компанияның бірі. 2024 жылы кәсіпорын акциясын (23,9%-ын) омандық Maaden International Investment компаниясы сатып алған.