Toyota Еуропа нарығына шығаратын электркөлігінің сұлбасын жариялады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Toyota Еуропа нарығына арналған электркөлігін таныстырады
Toyota Еуропа нарығына арналған электркөлігін таныстырады/Фото:Auto.ru

Toyota концернінің Еуропалық бөлімшесі жергілікті нарыққа арналған жаңа электркөліктің алғашқы суретін жариялады.

Toyota электркөлігінің премьерасы 12 наурызға жоспарланған. Әзірге жаңа модельдің техникалық сипаттамалары да, атауы да белгісіз, бірақ тизерге қарағанда, Toyota бұл үлгіні концептуалды түрде бұрын көрсеткен болуы мүмкін.

Тизерде жаңа көліктің тек сұлбасы бейнеленге. Динамикалық контурлары, ерекше терезе сызығы мен айрықша жарық элементтеріне қарағанда бұл жол талғамайтын көлік болатынға ұқсайды.

Auto.ru сайты электромобиль Toyota-ның 2022 жылы таныстырған bZ Compact SUV концептінің сериялық нұсқасы болуы мүмкін екенін жазады. Сол кезде бұл үлгі Toyota bZ4X моделінен бір саты төмен орналасып, C-HR сияқты көліктерге батареялық балама бола алатын электромобиль ретінде қарастырылған.

Toyota Еуропа нарығына шығаратын электркөлігінің сұлбасын жариялады
Toyota bZ Compact SUV концепті

Қазіргі уақытта Toyota электркөлігінің техникалық сипаттамалары әлі жарияланбады. Өткен жылдың соңында Toyota Urban Cruiser шағын электрокөлігін таныстырған болатын. Ол 144-тен 184 ат күшіне дейінгі қуаты бар қозғалтқыштармен және 61 кВт⋅сағ дейінгі батареялармен жабдықталған. Жаңа модель одан сәл үлкенірек және қуаттырақ болуы ықтимал.

Бұған дейін, брендтің Қазақстандағы танымал модельдерінің бірі Camry 50-дің гибридті түрін аларда қандай нәрселерге мән беру керектігі туралы жазған болатынбыз.

Сондай-ақ оқыңыз