Енді декретке миллионмен шығатындарға тықыр таянады

Кей қазақстандықтар жүктілік бен босану жағдайларына байланысты жоғары төлем алу мақсатында табысын жасанды түрде көбейтеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мұндай әрекеттер қылмыстық іс қозғауға дейін әкеліп соғатынын ескертті.
Жүктілік пен декреттік төлемдер – елдегі ең жоғары шектеуі жоқ жалғыз әлеуметтік төлем түрі. Министрдің айтуынша, дәл осы ерекшелік кейбір азаматтарға төлемдерді заңсыз ұлғайтудың жолдарын табуға мүмкіндік берген.
«Қазіргі уақытта 113 алушыға қатысты 16-дан астам қылмыстық іс қозғалды. Келтірілген шығын сомасы 158 млн теңгені құрайды», – деді Жақыпова ведомство отырысында.
Оның айтуынша, 2024 жылдың қыркүйегінен бастап 1,5 мың адам өз табысын асыра көрсеткенін мойындап, мемлекетке 3,4 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік берген.
2024 жылы орташа декреттік төлем 1 млн 621 мың теңгені құраған болатын.
Қазақстанда «декретке миллионмен шығу» деп аталып кеткен төлемді арттыру ісін қазіргі депутат Дәулет Мұқаев бастап берген.