«Отбасы банк» салымшыларына сыйақы қашан түсетіні белгілі болды

«Отбасы банкі» депозитке шекті қаражат жинағандарға берілетін мемлекеттік сыйақы аударылғанын мәлім етті.
«Қуанышты жаңалық! Мемлекеттік сыйақы жақындап қалды» деп сүйіншіледі банк әлеуметтік желіде.
Сыйақы салымшыларға бүгін түсу керек
Банк мемлекеттік сыйлықақының есептелуіне және техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты кейбір қызметтер уақытша істемейтінін ескертті.
«1 наурыз – шот ашу және біліктіліктен өту агенттік желі, видеобанкинг, мобильді қосымша және Baspana порталы, 2 наурыз 08:00-ден 3 наурыз 08:00-ге дейін – баламалы арналар арқылы шоттарды толықтыру. Қаржылық операцияларды алдын ала жоспарлап, төлемдерді уақытында жүргізуді ұсынамыз», – дейді банктегілер.
«Отбасы банк» депозитке жыл соңына дейін 200 айлық есептік көрсеткішке тең қаражат жинаған салымшыларына мемлекеттік сыйақы төлейді. Биылғы максималдық сыйақы мөлшері 147 680 теңге.
Осы ретте 2025 жылы жастарға арналған ипотекалық бағдарламалар туралы оқи отырыңыздар.