«Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау қашан басталады

Жарияланды
Наурыз бағдарламасына өтініш қабылдау
«Наурыз» бағдарламасына өтініш қабылдау 5 наурызда басталады / Фото: kursivmedia мұрағаты

«Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау 5 наурызда басталады. Бұл туралы «Отбасы банк» төрағасы Ләззат Ибрагимова айттты.

«Келесі жұма, 5 наурыздан бастап «Отбасы банк» порталында «Наурыз» бағдарламасына өтініш қабылдаймыз. Оған барлық қазақстандық қатыса алады. Ал «Наурыз-жұмыскер» бағдарламасына өтініш қабылдау 17 наурызда басталады», – деді банк басшысы.

Бағдарламаға кім өтініш бере алады:

  • үй кезегінде тұрған барлық әлеуметтік осал топ өкілдері;
  • жас отбасылар;
  • тұрғын үй төлемдерін алушылар;
  • «Отбасы банк» салымшылары;
  • моноқалалар, аудан орталықтары мен ауыл тұрғындары қатыса алады.

Бағдарлама шарттары:

Бұл бағдарламаға қатысу үшін депозит мерзімі маңызды емес. Соңғы 6 ай ішінде ресми табысы болуы қажет.

Сондай-ақ оқыңыз