Прокурорлар басшылық қызметке ауысқысы келсе, полиграфологиялық тексерістен өтеді

Жарияланды
отставка
Прокурорлар басшылық қызметке өту үшін полиграфологиялық тексерістен өтеді / Фото: Бас прокуратура

Прокурорлар басшылық лауазымға тағайындалатында полиграфологиялық тексерістен өтеді. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталына талқылауға шығарылған Бас прокуратураның құжатында жазылған.

«Жоғары басшылық лауазымдарға ұсынылған кезде қызметкерлер полиграфологиялық тексеруден өтеді», – делінген бұйрық түсіндірмесінде.

Құжатқа сәйкес, бұл тексерістен жоғары тұрған басшы лауазымына конкурстық іріктеуден өтетін кандидаттар өтеді. Тексеріс барысында прокуратура органдары қызметкерлері лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі, бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші шығаруға мүмкіндік береді.

Кандидат жарияланған лауазымға біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде кандидат полиграфологиялық зерттеуден өтуге жіберіледі. Қызметкерлер соңғы полиграфологиялық зерттеуден өткеніне үш жыл толмаған жағдайда, оны қайтадан өтуден босатылады

Сондай-ақ оқыңыз