AMANAT партиясының экс-депутаты педофилия үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды

AMANAT партиясының экс-депутаты Серікхан Жақыповқа сот педофилия үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жасазын тағайындаған. Бұл туралы Орда басылымы хабарлады.
Басылым хабарлауынша, ол әйелінің жиеніне қаскүнемдік жасаған. Әйелі басылымға берген пікірінде күйеуінің мұндай қылмыс жасағанына еш сенбегенін айтқан. Бірақ тергеу барысында экс-депутаттың кішкентай баланы зорлағаны расталып, прокурор оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.
Депутаттық қызметі
Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Серікқан Жақыпов 2020 жылға дейін Ақсу ауданы әкімінің аппаратына басшылық еткен. Бұдан кейін мемлекеттік қызметкерлер арасында этика жөніндегі уәкіл болып қызмет атқарған. Ал AMANAT партиясының аудандық мәслихатына 2024 жылдың 31 наурызында өткен.
Қаскүнемдікке күдіктелген депутаттың ұсталғаны туралы ақпарат тамыз айында тарады. Сонымен бірге депутаттың партия қатарынан шығарылғаны хабарланды.