Qatar Airways жолаушылары қайтыс болған адаммен бірге 4 сағат ұшқан

Жарияланды
Qatar Airways
Qatar Airways компаниясының жолаушылары қайтыс болған әйелмен 4 сағат бойы бірге ұшқан / Фото: kursiv.media

Қайтыс болған адаммен бірге 4 сағат ұшқан Qatar Airways жолаушылары компания үстінен шағым түсірген. Бірақ әуе компаниясы экипаждың дұрыс әрекет еткенін мәлімдеп, шағымын қабылдамаған.

Мәселенің мән-жайы

Австралия азаматтары Митчелл Ринг пен Дженнифер Колин Qatar Airways компаниясының ұшағымен Мельбурн қаласынан Венецияға бет алған. Мельбурннен шыққан ұшақ бірінші Қатар елінің Доха қаласына қонуы керек болған.

Ұшу кезінде бортта жолаушы әйелдің жағдайы нашарлап, есінен танып құлаған. Экипаж мүшелері жолаушыға көмектесу үшін бар күшін салған. Алайда, әйел ұшақта жан тапсырған. Экипаж мұшелері әйелдің мәйітін ұшақтың бизнес санаттағы бөлігіне апаруды ойлаған. Алайда, әйелдің дене салмағы үлкен болғандықтан, мәйітті басқа орынға ауыстыра алмаған. Сол себепті жолда кедергі келтірмеу үшін мәйітті Джннифер мен Миитчелдің жанына отырғызған. Қайтыс болған әйелдің жанында ерлі-зайыптылар Қатарға жеткенге деййін 4 сағат бойы отырған.

«Бұл өте қорқынышты жағдай болды. Екі сағат ұшқаннан кейін бортта бір әйел қайтыс болды. Біз қайтыс болған әйелдің жанында қалған төрт сағатымызды өткізуге мәжбүр болдық. Мұны қабылдаудың өзі қиын» – деп мәлімдеген Митчел Ринг.

Qatar Airways компаниясының жауабы

Qatar Airways компаниясы австралиялық жұптың шағымдарына ресми жауап берді. Компанияның 28 ақпандағы ішкі тексерісі экипаждың «жылдам, дұрыс және кәсіби түрде әрекет еткенін» көрсеткенін мәлімдеген. Сонымен бірге компания экипаждың жұмысын әділ бағалап, жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету өздерінң басты міндеті екенін айтқан.

Сонымен бірге экипаж мүшесінің ұшақ қонғанша қайтыс болған жолаушының жанынан кетпегенін, осындай жағдайларда өздерінен талап етілген барлық шараларды дұрыс орындағанын жеткізген.

Сондай-ақ оқыңыз