Дауылды ескерту жарияланды: наурыздың басында ауа райы қандай болады

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің редакторы
ауа райы
2 наурызға ауа райы болжамы қандай /Фото: shutterstock

«Қазгидромет» РМК мамандары 2025 жылғы 2 наурызға бірқатар өңірлерде дауылды ескерту жариялады.

Астана
2 наурызда Астанада ауа райы құбылмалы., бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Түнде температура -18…-20°С, күндіз -5…-7°С.

Алматы
Алматыда да құбылмалы, бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Түнде -3…-5°С, күндіз +3…+5°С.

Шымкент
Шымкентте күн бұлтты болып, кешке қарай жаңбыр жаууы мүмкін, түнде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 8-13 м/с болады. Түнде температура -1…+1°С, күндіз +10…+12°С деңгейін жетеді.

Қызылорда облысы

Облыстың солтүстігінде түнде қатты қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Солтүстік, шығыс және орталық аудандарда тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Қызылорда қаласында күндіз көктайғақ болып, тұман түседі.

Ақтөбе облысы
Батыс, солтүстік және шығыс аудандарда қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Түнде өңірдің шығысында қатты қар жаууы мүмкін. Оңтүстікте тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, батыс, солтүстік және шығыс бөліктерінде жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Жамбыл облысы
Солтүстік, оңтүстік және таулы аудандарда тұман күтіледі. Таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с жетуі мүмкін.

Алматы облысы мен Жетісу облысының таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Күндіз шығыс аудандарда желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Наурыз айындағы ауа райы
Көктемнің алғашқы үш күнінде Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Наурыз жылы және жауын-шашынды болады деп болжанған. Айлық орташа температура қалыпты нормадан 2°С-қа жоғары болады. Жауын-шашын мөлшері республиканың көп бөлігінде нормадан артық, ал оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарда шамамен нормаға сай болады.

Наурыз айы құбылмалы ауа райымен ерекшеленеді: кейбір күндері аяз сақталса, солтүстік өңірлерде қысқы борандар қайталануы мүмкін. Ай бойы жаңбыр, қар аралас жаңбыр жауады, жел күшейіп, тұман мен көктайғақ байқалады.

Сондай-ақ оқыңыз