Түркістанға ерекше мәртебе берілді. Ол нені білдіреді

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Түркістанға ерекше мәртебе берілді, ол нені білдіреді
Түркістанға ерекше мәртебе берілді, ол нені білдіреді/Фото: Түркістан облысының баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға ерекше мәртебе беру туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Түркістан қаласының ерекше мәртебесі және шет елдегі мәдениет орталықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Заңның мақсаты

Түркістанға ерекші мәртебе беретін заңның мақсаты қаланы Қазақстанның рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретінде қалыптастыру, дамыту және оның жұмыс істеуі үшін жағдай жасау екені айтылады.

Заңның міндеттері

1) Түркістанда тарих және мәдениет ескерткіштері мен тарихи-мәдени мұрасы объектілерін, оның ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қорғау аймақтарында орналасқан объектілерді басқарудың, сақтаудың және олардың бүтіндігін сақтап тұрудың тиімді жүйесін құру;

2) Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен оның қорғау аймақтарының аумағындағы тарих және мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жоспарлау және басқару;

3) Тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту, қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дамыту;

4) Түркістан қаласының тарихи-мәдени мұрасы объектілерін қорғау және пайдалану жөнінде қабылданған шешімдерді ғылыми қамтамасыз ету;

5) Түркістан қаласының халықаралық ынтымақтастығын дамыту.

Түркістанға ерекше мәртебе беру туралы заң жобасының толық нұсқасы баспасөзде жарияланады.

Бұған дейін, ғылыми-танымдық Qalam порталы ескі газет қиындылары айдары аясында 1871 жылғы «Түркістан уәлаятының газеті» жариялаған «Ресейге Түркістан не үшін керек?» атты жазбасын басып шығарған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз