Алматы маңында жер сілкінді

Жарияланды
Алматыда жер сілкінді: 112 хабарландыру жібермеді
Алматы маңында жер сілкінді / Фото: shutterstock

Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы Алматы маңында жер сілкінгенін хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы ЖШС-і сейсмикалық стансалар желісі 2025 жылғы 3 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 11:05-те жер сілкінісін тіркеді», – делінген орталық хабарламасында.

Жер асты дүмпулері Алматының оңтүстік-батысында, 122 шақырым қашықтықта тіркелген.

Жер сілкінісің ошағы – Қырғызстан аумағында.

Жер сілкінісінің тереңдігі – 15 км.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,9.

Магнитудасы – MPV 4.3.

Бұл жер сілкінісі көпшілікке сезілмеген.

Айта кетсек, өткен жылы дәл осы уақытта Алматыда қуатты жер сілкінісі болған еді. Нақты айтқанда, 4 наурыз күні, күндізгі сағат 11:22-де жер сілкініп, қала халқын дүрліктірген болатын. Ол кезде жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.2 болса, магнитудасы MPV 6.1 құрады.

Сондай-ақ оқыңыз