ЕуроОдақ санкцияға іліккен қазақстандық компанияларға қандай шара қолданады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Қазақстандық компания ЕуроОдақ санкциясына іліккен
Қазақстандық компания ЕуроОдақ санкциясына іліккен / Фото: shutterstock.com

24 ақпанда қос қазақстандық компания ЕуроОдақ санкциясына іліккені белгілі болды. Оларға енді ЕО аумағында қаржы операцияларын жүргізу және сол елдердегі жеке және заңды тұлғалармен сауда жүргізуге тыйым салынған. Бұл туралы TengriNews-тің ресми сауалына жауап берген ҚР Сауда министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, егер бұл компаниялардың ЕО аумағында активтері болса, олар бұғатталады. Сонымен қатар оларға ЕО елдерімен кез келген қаржы және сауда қатынастарына тыйым салынады.

Дегенмен министрлік бұл санкциялардың Қазақстан экономикасына айтарлықтай әсер етпейтінін айтты.

ЕО санциясына қазақстандық «Kazstanex» және «МеталлСтан» компаниялары іліккен. Біріншісі – әртүрлі зауыттардан құрылғы сатумен айналысатын компания, ал екіншісі – станоктарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету саласында жұмыс істейді. Оларды «Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешенін қолдады» деп айыптаған.

Сауда министрі Арман Шаққалиев қазіргі уақытта бұл екі компания өз өнімдерін Ресейге экспорттауды тоқтатып, қызмет бағытын ауыстырды деп мәлімдеген,

Сондай-ақ оқыңыз