«Жетісу» футбол клубының экс-директоры 31,9 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
«Жетісу» футбол клубының экс-директоры сотталды / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

«Жетісу» футбол клубының экс-директоры 31,9 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубының бұрынғы директоры К. Донсебаевқа қатысты үкім шығарды. Экс-директор оқу-жаттығу жиындары кезінде футболшылардың тамақтануына бөлінген 31,9 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкіміне сәйкес, келтірілген залалдың толық өтелуі және сотталушының ауыр сырқатына байланысты Донсебаевқа мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды. Сонымен қатар оған 7 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.

Еске сала кетейік, бұл «Жетісу» футбол клубында жымқырған бірінші спорт директоры емес. Бұған дейін Д. М. Иманқұлов клубқа тиесілі қаражаттан 5,5 млн теңгені жымқырды деп айыпталып, 3,5 жылға сотталып, бас бостандығын шектеу жазасына тағайындалған еді.
 

Сондай-ақ оқыңыз