Тұрғын үй ипотекасының жылдық сыйақы мөлшерлемесі төмендейді
Жарияланды

Енді Қазақстанда тұрғын үй ипотекасының жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшері 20 пайызға дейін төмендейді.
Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаулысының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.
Құжатқа сәйкес, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшері:
- екінші деңгейдегі банктер бойынша 46 пайыз;
- кепілмен қамтамасыз етілген банк қарыздары бойынша 35 пайыз;
- ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша 20 пайыз;
- микрокредиттер бойынша – 46 пайыз деп айқындалады.
Айта кетейік, қазір тұрғын үй ипотекасының қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшері – 25 пайыз.
Екі мекеменің бірлескен қаулысы жобасын Ашық үкімет порталында 26 наурызға дейін талқылауға болады.
Қаулы ресми жарияланған күнінен он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.