Астаналықтардың телефонына жаппай хабарландыру сигналы келді

Астаналықтардың ұялы телефонына «Ұлттық құлақтандыру» деген мәтінмен жаппай хабарландыру сигнал келді, деп хабарлайды KursivMedia.
Хабарлама мәтінінде «Алаңдамаңыз. Жүйенің жұмыс істеп тұрғаны тексеріліп жатыр» деп жазылған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі KursivMedia тілшісіне ведомствоның мұндай хабарлама жібермегенін айтты.
«Төтенше жағдай министрлігінің Mac Alert жүйесін тексеру бойынша жүргізіліп жатқан техникалық жұмыстарға қатысы жоқ. Бұл жүйені техникалық тексеруді іске қосуды министрлік бастамаған», – деп мәлімдеді ведомство.
Сондай-ақ ТЖМ Mac Alert платформасын басқаруды жүзеге асырмайтынын мәлімдеді.
Ал цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі елорда тұрғындары қонақтарының смартфонынан хабарландыру сигналы іске қосылғанын, мұның тестілеу режимінде жүргізілгенін хабарлады.
«Астанада Cell Broadcast технологиясы бойынша төтенше жағдайлар кезінде жаппай құлақтандыру жүйесіне қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз», – делінген ресми ақпаратта.
Сондай-ақ министрлік тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.