Алматыда қай жерде арзан ауызашар жасауға болады

Рамазан айында қоғамдық тамақтану орындары үшін ауыз ашатын кез ең табысты уақыт. Соған орай асханалар арнайы мәзір, тиімді бағамен ерекшеленуге тырысады. Kursiv.Media осы ретте алматылықтар көп баратын қоғамдық тамақтану орындарындағы ауызашар бағасы бойынша топтама ұсынады. Топтамаға кемі 3 филиалы бар танымал желілер енген.
Degirmen
Негізінен түрік тағамдарын ұсынатын Degirmen Алматыдағы ірі асхана желісі саналады. Танымал анықтамалық карталарда желінің 50-ге тарта филиалы бар деп көрсетілген.
Мұнда бір кісілік екі түрлі ауызашар мәзірі ұсынылған.
1 сет/7000 тг: Жарты проция келепача сорпасы, оливье салаты, етпен фри, нан, шәй, баклава 1 д.
2 сет/7500 тг: Жарты порция жасымық сорпасы, саңырауқұлақ соусындағы тауық, малибу салаты. нан, шәй, баклава 1 д.
Bauyrdaq
Ұлттық тағамдер желісінің Алматы қаласында 30-дан астам филиалы жұмыс істейді. Рамазан айында әр қонаққа су мен құрма беріледі. Ауызашарға арналған арнайы мәзір жоқ. Орташа чек бір кісіге 3500 теңгенің о жақ, бұ жағын құрайды.
Lanzhou
Фермерлік кеспелерімен танымал желінің қалада 25-ке жуық нүктесі бар. Lanzhou бір кісілік сеттердің 4 бірдей түрін ұсынып отыр.
1 сет/2290 тг: Кеспе, 2 түрлі салаттың бірі, асылған жұмыртқа, бу нан, 0.25 л компот.
2 сет/2860 тг: Суйру лағман, құймақ, 0.25 л лимонад.
3 сет/5590 тг: Lanzhou түшпарасы, картоппен тауық, бу нан, 1 л кола.
4 сет/5490 тг: Кеспе, етпен/асқабақпен манты, 2 түрлі салаттың бірі, бу нан, лимонад.
Qaganat
Алматыда 22 филиалы жұмыс істейтін белгілі асхана желісі 2 түрлі сет дайындаған:
1 сет/2300 тг: Бешбармақ, фунчоза салаты, бауырсақ пен шәй
2 сет/3000 тг: Сиыр етінен қуырдақ, тұздықты көже, нан мен шәй
Shafran
15-ке тарта филиалы бар асханалар желісі Рамазан айында кешкі 5-тен бастап істейді. Оразаға арналған арнайы мәзір жасамаған. Жалпы мәзір бойынша орташа чек 5000 теңгені құрайды.
Navat
Алматыда 15 нүктесі істейтін шәйханалар желісі де ораза мәзір әзірлемеген. Алда-жалда осы жерде ауыз аштырамын десеңіз, орташа чек 10 мың теңгеден басталатынын қаперіңізде ұстаңыз.
Гүлсарай
Лағманханалар желісінің 10-нан астам филиалы бар. Орташа чек 2000-3000 теңгеден басталады. Ораза мәзірі жоқ. Желінің филиалдары негізінен қаланың төменгі жағында орналасқан.
Мармарис
Алматыда осындай 8 түрік кафесі ашылған. Желі ауызашарға деп 3 түрлі комбо дайындаған.
Еуропалық комбо/7355 тг: Тауық сорпасы, грек салаты, тауықтан жасалған соте, нан, шәй.
Шығыс комбосы/7225: Жасымық сорпасы, «Чобан» салаты, қой етінен қуырдақ, нан, шәй.
Түрік комбосы/6285: Келипача, тәрелкедегі ассорти дөнер, шәй.
Tagam
Асханалар желісінің 7 нүктесі істейді. Салат, бірінші, екінші тағам, нан, бауырсақ, печенье, құрма және су кіретін ауызашар мәзірінің құны 3000 теңге. Мәзір күн сайын жаңарып отырады.
Ozyurt
Тағы бір түрік асханасының Алматыда 5 нүктесі бар. Оразаға арнайы мәзір әзірлемеген. Жалпы мәзір тапсырыстарының орташа құны 5000-6000 теңгенің айналасында.
Besqazan
Шығыс асханасының оңтүстік астанада 5 филиалы істейді. Мұнда да арнайы мәзір жоқ, қонақтар ауызашарда жалпы мәзір бойынша тапсырыс береді. Орташа чек 3000-4000 теңге арасы.
Paradise
Асханалар желісінің де Алматыда 4 филиалы бар. Ораза шағында қонақтарға жалпы мәзір бойынша қызмет көрсетеді. Орташа чек 5000-6000 теңге.
Basilic
Алматыда 3 филиалы істейді. Мұнда да арнайы мәзір жоқ, ауызашар кезінде жалпы мәзір бойынша тапсырыс қабылданады. Орташа чек 2500-3000 теңге.
Тюбетейка
Шығыс асханасының да Алматыда 3 нүктесі бар, ауызашар мәзірі жоқ. Орташа чек 10000-12000 тг.
Rumi
Палау орталығы Алматыда 3 жерден ашылған. Ауызашарға ауысып отыратын 2 түрлі мәзір әзірленген. Бірі 6 мың теңге, екіншісі 10 мың теңге тұрады. Дүйсенбі-сейсенбіде бөлек тағамдар, сәрсенбі-бейсенбіде бөлек, жұма-жексенбі күндері бөлек тағамдар ұсынылады. Су, құрма, бауырсақ, нан, шәй тегін беріледі.
Тарым
3 филиалы бар кафе Рамазан айында қонақтарды әдеттегі мәзір бойынша қабылдайды. Орташа чек 6000-8000 теңгенің арасы.
Ораза кезінде ағзаға он сағаттап қорек түспейтіндіктен, ауызашарда дұрыс тамақтану маңызды. Осы ретте тәжірибелі нутрициолог дұрыс ауызашуға байланысты құнды кеңестерін ұсынған.