Тоқаев Путинмен сөйлесті
Жарияланды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті», – делінген хабарламада.
Мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық рухындағы мемлекетаралық қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өткен.
Президенттер сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің сәтті жүзеге асырылып жатқанын ерекше атап өткен.
Мұның алдында екі ел басшылары бірін-бірі жаңа жылмен құттықтаған еді.