Қарақат Әбілдина «Парасат» орденімен марапатталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қарақат  Әбілдинадан бөлек, екі депутатқа «Парасат» ордені бұйырды./ /коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Қарақат Әбілдинадан бөлек, екі депутатқа «Парасат» ордені бұйырды /коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қарақат Әбілдина «Парасат» орденімен марапатталды. Әлеумет, экономика және мәдениет, әскери салада тер төгіп жүрген нәзік жандылар да түрлі атақтарға ие болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өнер жұлдызын ғана емес, қоғам дамуына еңбек сіңірген, мемлекеттік қызметте көзге түскен бір топ әйелдерді марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.

Оның үшінде әлеумет, экономика және мәдениет, әскери салада тер төгіп жүрген нәзік жандылар да бар.

«Парасат» ордені тағы кімге бұйырды?

«Қарақат» мектеп-студиясының бас директоры Қарақат  Әбілдинадан бөлек, екі депутатқа «Парасат» ордені бұйырды. Олар – Парламент Сенатының депутаты Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбай,  Парламент Мәжілісінің депутаты Құспан Айгүл Сайфоллақызы.

Сондай-ақ Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының әншісі, әртіс Ноғайбаева Гүлдана Рахымбекқызы да осы марапатқа ие болды.  

Погонды арулардан кім құрметке ие болды?

Әскер және құқық қорғау саласында бірқатар әйел азаматтар Бауыржан Момышұлы атындағы ІI дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Атап айтқанда, мемлекеттік күзет қызметінің аға инспекторы Айтмағамбетова Жұлдыз  Рахымқызы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі Ахметова Айман Рахмеджанқызы марапатқа лайықты деп танылды.

Сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігінің департамент бастығы Анаргүл Аманжолқызы Әбуева марапатталды.

Оның ішінде Бас Прокурордың аға көмекшісі Канкина Құралай Темірболатқызы да бар. Қорғаныс министрлігі 44013 әскери бөлімінің взвод командирі Мұсатаева  Балжан Төлеужанқызы да Бауыржан Момышұлы атындағы орден тақты.  

«Құрмет» орденімен марапатталған арулар

«Парасат» орденін алған Қарақат Әбілдина жалғыз емес. Бұдан бөлек, «Құрмет» ордендері де иелерін тапты. Атап айтқанда, олардың қатарында Раиса  Абиева Леонидовна,  Раиса Мұхамедиқызы  Ағыбаева бар. Айтбаева Шолпан Сашкенқызы да «Құрмет» орденімен марапатталды.

Сала үздіктері Әбдірайымова Тілеукүл Шайымқызы, Әбенова Күлпаш Қайроллақызы осы құрметке бөленді. Әділет Срадинқызы Әзімқұлова да Президент жарлығымен орден алды.

Темір жол, білім саласында ерекше еңбек сіңірген Роза Гияги Римовна, Егізбаева Сәуле  Әбутәліпқызының еңбегі жанды. Еңбек ардагері Елеуова Қаракөз Темірбекқызы  және басқа да тағы да 11 әйел «Құрмет» орденіне қол жеткізді.

Тағы қандай ордендер мен атақтар үлестірілді?

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен 5 нәзік жанды маман марапатталды.

Ал  «Ерен еңбегі үшін» медалін 14 адам алды. Сонымен қатар «Шапағат»  медалі де берілді. Оны түрлі салалардағы 7 әйел бөліскен.

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы да өз иесін тапты. «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы да берілді.

Сондай-ақ «Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы» құрметті атағын, «Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері» құрметті атағын алғандар бар.

Еңбекте озық арулар мен өнер жұлдызы Қарақат Әбілдинаның еңбегі мемлекет тарапынан осылай бағаланып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз