Тоқаев Алматы әуежайындағы оқиғада ерлік танытқан адамды наградаға ұсынуды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында болған оқиғада ерлік танытқан адамды наградаға ұсынуды тапсырды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабардар. Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды», – делінген хабарламада.
Orda.kz басылымының хабарлауынша, ер адамды қарусыздандырған адам әуежай қызметкерінің орнына өзін кепілге алуды ұсынған. Ер азаматтың аты-жөні – Әбдірайым Мұса Сайранбайұлы. 1973 жылы дүниеге келген азамат. Ол әуежайға туыстарын шығарып салуға барған.
Түсіндіре кетсек, бүгін, 7 наурыз күні Алматы әуежайында ер адам әуежай қызметкеріне пышақ тақап, кепілге алған болатын. Әуежайдың баспасөз қызметі 7 минуттан кейін қарулы адамның ұсталып, полицияға тапсырылғанын хабарлады.