Министр елде жұмыссыз жүрген ғалым жоқ екенін айтты

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке жұмыссыз жүрген ғалымдардың жайы туралы сұрақ қойылды.
Министрдің сөзінше, бүгінде елде 25 мыңнан астам ғылыми қызметкер бар. Оның 3 мыңы министрлік құрылғалы қатарға қосылған.
«Бізде жұмыссыз жүрген ғалымдар туралы ақпарат жоқ. Бәрі ЖОО-ларда, ғылыми-зерттеу институттарында ашылып жатқан жекеменшік ғылыми компанияларда тіркелген. Жалпы ғылымды қаржыландырудың өсуі, баспанамен қамтамасыз ету, жас ғалымдарға берілген гранттар, ғылыми лауазымдарға байланысты төлемдер ғылым саласының жағымды бейнесін қалыптастыруда», – дейді министр.
Саясат Нұрбек ғылымға көңіл бөліне бастағалы көптеген мамандар салаға қайта келіп жатқанын айтады. Бүгінде ғылымдағы жас мамандардың үлесі 46%-дан асқан.
«Жалпы ғылым жолында істеудің жағымды авторитетін қайтарып жатырмыз», – дейді ол.
Бұған дейін, Ғылым және жоғары білім министрлігі бірыңғай уақыт белдеуінің азаматтарға әсерін зерттеуге арналған қаржыны екі есеге қысқартқан.
Ал бүгін сол зерттеудің қорытындысы жарияланды.