Павлодар әуежайы 7 айға жабылады

Павлодар әуежайы 1 сәуірден 1 қарашаға дейін жабылады. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен аппараттық кеңес барысында белгілі болды, деп хабарлады «Павлодар-онлайн».
Әуежай қызметі ауқымды жөндеу жұмысына байланыс тоқтатылады. Оған сай, ұшу-қону жолағы кеңейтіліп, қайта жаңартылады. Егер аталған жұмыстар жүргізілмесе, қалалық әуежай 2026 жылы ұшу жарамдылығы сертификатын ала алмайды. Яғни әуежай ешқандай рейсті қабылдай алмай қалады.
Бастапқыда ұшу-қону жолағының жөндеу жұмыстары 2024 жылдың күзінде аяқталады деп уәде етілген. Алайда конкурстық рәсімдердің ұзаққа созылуына байланысты мерзім қайта қаралған. Кейін жеңімпаз бен жеңіліске ұшыраған мердігерлер арасында сот дауы туындап, артынша тараптар келісімге келген.
Нәтижесінде, негізгі қайта құру жұмыстары 2025 жылға жоспарланды. Сонымен қатар 2025 жылы әуежай терминалының ғимараты да қайта жөндеуден өтеді. Өңір басшысының айтуынша, ғимарат кеңейтіледі, қосымша құрылыс салынып, эскалаторлар орнатылады.
Биыл елде үш бірдей курорттық аймақта әуежай салынғалы жатыр.