«Алихан» «Мұхаммедтен» озып қайтадан танымал есімдер көшін бастады

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің тілшісі
"Алихан" "Мұхаммедтен" озып қайтадан танымал есімдер көшін бастады
«Алихан» «Мұхаммедтен» озып қайтадан танымал есімдер көшін бастады/Фото: ЖИ/bing.com сервисінің көмегімен жасалған

2025 жылғы І тоқсанда ұлдарға қойылатын танымал есімдер арасында «Алихан» мен «Мұхаммед» арасында қызу «жарыс» жүріп жатыр.

Жыл басынан бүгінгі күнге дейін «Алихан» есімі 415 балаға қойылса, «Мұхаммед» деп 412 баланы атаған.

Былтыр «Алихан» 10 жылда алғаш рет танымал есімдер көшінің басынан түсіп қалып, төртінші сатыға дейін сырғыған болатын.

Ал «Мұхаммед» тізімде кейінгі жылдары үлкен қарқынмен ілгерілеп келеді. Мәселен, 2022 жылы топ-10-ға да кірмесе, 2023 жылы үздік ондықты түйіндеді. Ал былтыр бірден бірінші орынға шықты.

Қыздар арасында биыл да, былтыр да танымал есімдер тізімін Айлин бастап тұр. Жалпы «Айлин мен Медина» кейінгі бес жылда бірінші орын үшін ұдайы «талас жүргізіп» келеді.

Танымал есімдер тізімінен жуан буыннан тұратын, діни астары бар есімдер жиі қойылатынын байқауға болады.

Бұған дейін, Наурыз мейрамының құрметіне орай қойылған ерекше есімдер туралы жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз