Түркістан облысында үш балдық жер сілкінісі тіркелді
Жарияланды

12 наурыз күні таңғы сағат 06:15 те Түркістан облысында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Сейсмологтардың мәліметінше, зілзаланың эпицентрі Түркістан облысының Келес ауданындағы Достық ауылынан 14 шақырым жерде орналасқан. Жер асты дүмпулері 3 балл деңгейінде сезілді.
Келес ауданының Абай ауылында және Сарыағаш қаласында жер сілкінісінің дәл осындай қарқындылығы байқалған.
Төтенше жағдайлар министрлігі табиғи апат салдарынан ғимараттар мен инфрақұрылымға зиян келмегенін және зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін 2 балдық жер сілкінісі Жетісу облысында тіркелген еді.