Перизат Қайрат басқарған Biz birgemiz Qazaqstan 2030 қоры жабылды

Перизат Қайрат басқарған Biz birgemiz Qazaqstan 2030 қоры жабылды. Бұл туралы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
«Бірлестікті құру кезінде анықталған бұзушылықтарды ескере отырып, сот «Biz birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін мәжбүрлі түрде тарату туралы шешім қабылдады», – делінген баспасөз хабарламасында.
Қорды жою туралы талаппен Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына Әділет департаменті жүгінген.
Айта кетейік, 2025 жылғы 14 ақпанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына қордың мемлекеттік тіркеуін жарамсыз деп тану және мәжбүрлеп тарату туралы талап арыз берілген болатын. Сотқа түскен талап құжаттарында BizBirgemizQazaqstan 2030 АҚ-ны құру кезінде заң бұзылғаны айтылған.
Ал Перизат Қайрат қор қаржысын жымқырды деген күдікпен тергеліп жатыр.