Назарбаевтың сүйікті сәулетшісі өз елінде Ханшатырға ұқсайтын стадион жобасын жасады

Англияның ең титулды футбол клубы Манчестер Юнайтедтің тең иесі Джим Рэтклифф клуб әлемдегі ең үлкен стадиондардың бірінің жобасын жасағанын хабарлады. Құрылысты жобалаумен атақты британиялық сәулетші Норман Фостердің компаниясы айналысады.
ВВС мәліметінше, жобаның құны – 2 миллиард фунт стерлингті құрайды. Клуб басшылығы «Манчестер Юнайтедтің» қаржылық жағдайы қиын екенін де жасырмайды.
«Қазіргі стадионымыз бізге соңғы 115 жыл бойы керемет қызмет етті, бірақ ол әлемдік спорт ареналарының ең үздік нұсқаларынан қалып қойды. Жаңа стадион салу арқылы біз тарихи үйімізден бірнеше қадам жерде «Олд Траффордтың» мәнін сақтай аламыз», – деді Джим Рэтклифф «Манчестер Юнайтед» басшылығының жоспарларын жариялап.
Жоба авторы Норман Фостер идеясын былай түсіндірді:
«Стадион үлкен шатырмен жабылады, ол жаңбыр суын жинап, энергия өндіреді, сонымен қатар Трафальгар алаңынан екі есе үлкен жаңа қоғамдық кеңістікті қорғайды. Стадион жаңа аймақтың жүрегі болады, ол толықтай жаяу жүргіншілерге ыңғайлы әрі қоғамдық көлікке қолайлы болады», – деді ол.
Сәулетші Норман Фостердің есімі қазақстандықтарға жақсы таныс. Ол Астанадағы басты ғимараттарды жобалаған. Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев британиялық сәулетшіге елорданың символы Бәйтерек монументін, Ханшатыр ойын-сауық орталығын, Бейбітшілік және келісім сарайын, Назарбаев кітапханасы ғимаратын, Abu Dhabi Plaza кешенін жобалауды сеніп тапсырған.
2026 жылы алғаш рет қазақ футболшысы ағылшын клубы сапында өнер көрсететін болатын. 16 жастағы Дастан Сәтпаев «Қайраттан» ағылшындық «Челсиге» клубына ауысқан. Трансфер құны 4,3 млн еуроның құрады. Келісімшарт 2026 жылдың тамыз айында – Дастан Сәтпаев 18-ге толған кезде күшіне енетін болады.