Кәрім Мәсімовтен тәркіленген үй қайтадан сатылымға шығарылды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: e-auction.e-qazyna.kz, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Мемлекетке опасыздық жасады деп 18 жылға сотталған Кәрім Мәсімовтен тәркіленген зәулім сарай қайтадан сатылымға шықты. Құны – 1,9 млрд теңге. Сауда-саттық 28 наурызда өтуі тиіс.

Үй Астана қаласы, Нұра ауданының, Ерейментау -1 мекенжайында орналасқан.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы Мәсімовтың үйін бұған дейін де сатуға тырысқан. Алайда зәулім сарайды сатып алушы табылмай, аукцион өтпеген.

Алдағы уақытта өтетін аукцион шарты да өзгермеді. Үйді сатып алуға ниеттілер 117,9 млн теңге кепіл жарнасын төлеуі тиіс.

Тұрғын үйдің жалпы ауданы 2877,7 шаршы метрді құрайды. Оның ішінде тұрғын ауданы 347,2 шаршы метрге тең. Жалпы аумағы 0,9475 гектар және 0,2713 гектар болатын жері бар. Тұрғын үймен қоса, жиһаз, электронды техника, өнер туындылары мен кәдесыйлар да сатылымға қойылды.

Сондай-ақ оқыңыз