Қырғызстанда тікелей эфирден көрсетіліп жатқан көкпар жарысында ойыншы көз жұмды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Қырғызстанда тікелей эфирден көрсетіліп жатқан көкпар жарысында ойыншы көз жұмды/Фото: 24.kg

Қызғызстанның Әскери-Антоновка ауылында Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған көкпар ойыны кезінде бір ойыншы қайтыс болды, деп хабарлады 24.kg сайты.

44 жастағы Мирлан Сраждинов жерде жатқан серкені көтермек болған сәтте басқа ойыншының аты қатты екпінмен соққан. Соққы салдарынан Сраждинов есінен танып, жерге құлаған.

Жедел жәрдем қызметінің хабарлауынша, ер адам ашық бас-ми жарақатынан алғашқы көмек келгенге дейін көз жұмған.

Көкпар ойыны YouTube-те тікелей эфирде көрсетіліп жатқан болатын.

Айта кетейік, былтыр Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалында көкпардан Қазақстан құрамасы Қырғызстан құрамасынан басым түскен. Ойын барысында көкпаршылар арасында қақтығыс туып, қырғыз тарапы қазақ құрамасының жеңісін мойындамаған.

Сондай-ақ оқыңыз