Қазақстан квотадан қатты асып, картель сынына ұшырады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Қазақстанның мұнай өндірісі қарқыны OPEC+ елдері арасында бірінші тұр / фото: sutterstock

2025 жылғы ақпанда Қазақстан шикізат өндірісі көлемін арттыру бойынша OPEC+ елдері арасында бірінші тұр. Өткен айда республика тәулігіне 1,767 млн баррель өндіріп, белгіленген квотадан (1.468) әлдеқайда асып кеткен.

Қазақстан OPEC+ ұйымының шешіміне әсер етті

Картель мәліметінше, OPEC+ ұйымының БАЭ, Нигерия және Габон секілді мүшелері де квотадан асып кеткен. Бірақ олардағы өндіріс қарқыны Қазақстандікіндей жоғары емес.

Reuters агенттігінің мұнай-газ саласындағы дереккөзінің хабарлауынша, Қазақстанның мұнай өндірісіндегі рекорды ұйымның сәуірде квотаны көтеру туралы шешіміне әсер еткен.

Энергетика министрлігінің мәлімдесі

Қазақстан энергетика министрлігі 12 наурыз күні OPEC+ келісімі шеңберіндегі міндеттемелерден асып кетуі туралы мәлімдеме таратты.

Мекеме мәліметінше, министр Алмасадам Сәтқалиев елдегі ірі акционерлермен және жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздер жүргізді. Талқылау барысында OPEC+ келісімі бойынша міндеттемелерді орындау кестесі расталып, белгіленген квоталардан тыс өндірілген көлемдерді өтеу шаралары келісілді.

Картель болжамы

OPEC әлемде мұнайға сұраныс 2025 жылы тәулігіне 1,45 млн баррель, ал 2026 жылы 1,43 млн баррельге артады деп болжайды.

Алайда Халықаралық энергетика агенттігінінің сұранысқа қатысты болжамы әлдеқайда аз – тәулігіне 1,1 млн баррель.

Қазақстан 2025 жылғы 19 ақпанда тәулігіне шамамен 2,12 миллон баррель (289 мың тонна) мұнай өндірді. Бұл – Қазақстан үшін жаңа рекорд.

Ал биыл наурыздың басында OPEC+ елдері мұнай өндірісін сәуірден бастап арттыруға келіскен.

Сондай-ақ оқыңыз