Тоқаев Трамптың қай бастамасын қолдауға лайық деп санайды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ұлттық құрылтай
Ұлттық құрылтай/фото:Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президентінің дәстүрлі моральдық құндылықтарды қалпына келтіруге бағытталған жұмыстарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KursivMedia.

«Демократиялық моральдық делініп жүрген құндылықтар, оның ішінде ЛГБТ көптеген елге ондаған жыл бойы күшпен таңылып, соның желеуімен халықаралық үкіметтік емес ұйымдар мен қорлар арқылы мемлекеттердің ішкі ісіне ашық араласу белең алды. Оның түпкі мақсаты бар болғаны ұрлық, яғни сан миллиардтық бюджетті қалтаға басу екен», – деді Тоқаев Бурабайда өтіп жатқан құрылтайда.

Президенттің сөзінше, «даму мен демократия», «адам құқықтары», «баспасөз бостандығы», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» деп ұрандатып жүргендердің бәрінің дерлік жеке байлығы жалақысының мөлшеріне еш сай келмейді.

«Сондықтан президент Трамп бастаған Америка әкімшілігінің жаппай қызмет бабын асыра пайдалануға қатысты оқиғаларды анықтауға және «тұңғиық мемлекет» ұғымына тән саяси екіжүзділікті әшкерелеуге, дәстүрлі моральдық құндылықтарды қалпына келтіруге бағытталған жұмыстары қолдауға лайық», – дейді Тоқаев.

Себебі АҚШ-та жасалып жатқан шаруаның бәрі бүкіл әлемге тікелей әсер етеді.

Сондай-ақ оқыңыз