Каспий итбалығы мен қызғылт қоқиқаздарды сақтайтын эко-ұйым құрылып, оны Тоқаев басқарады

Қазақстанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев басшылығымен Каспий итбалығы мен қызғылт қоқиқаздар сынды табиғаттың әралуан флорасы мен фаунасын қорғайтын экологиялық ұйым ашылуы мүмкін. Бұл туралы Бурабай өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Адамзаттың бүлдіргі іс-әрекетінің кесірінен Каспий итбалығы, қызғылт қоқиқаз және басқа да ерекше жан-жануарларға қатер төніп тұр. Біз табиғаттың осы бір сыйына барынша назар аударып, оны сақтай білуіміз қажет. Сондықтан Биологиялық әралуандықты қорғау қорын құру керек деп санаймын. Мен Мемлекет басшысы ретінде бұл ауқымды жұмыстың маңызы орасан зор екенін көрсету үшін осы қоғамдық ұйымға өзім жетекшілік етуге дайынмын», – деді президент.
Сонымен бірге қазақстың жеті қазынасының бірі саналатын тазыны халықаралық тізімге енгізілгенін атап өтіп, аң аулайтын айрықша қасиеттері бар қазақы иттің тұқымын енді бүкіл әлем танитынын атап өтті.