Абай облысында 27 адам қар құрсауында қалып қойған

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Абай облысында бірнеше көлік қолда тұрып қалған, деп хабарлады Төтенше жағдайла министрлігі.
Республикалық маңызы бар «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шкарасы» жолының жабық учаскесінде Аягөз қаласы мен Таскескен ауылы арасында автокөліктер тұрып қалған.
ТЖМ, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ және ЖАО күштері қар құрсауынан 43 жүк және 30 жеңіл көліктерін шығарған.
Одан бөлек құтқарушылар қар құрсауында қалған автокөліктерден 27 адамды, оның ішінде 7 баланы құтқарып, жақын маңдағы елді мекенге эвакуациялаған.
Көктемнің басында әдеттегідей елдің түрлі аумағында әртүрлі ауа райы байқалып отыр. Оңтүстікке шуақты күндер келсе, батыстың кей елдімендерін еріген су баса бастады. Орталық, солтүстік, солтүстік шығыс пен батыс әлі қар құрсауында. Осындай кезең адамдарға әсер етпей қоймайды. Тіпті кей адамдардың түрлі ауруы қозып, жайсыз күй кешуі мүмкін.