Наурыз айында қандай фильмдердің интернет премьерасы өтеді

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Наурыз айында қандай фильмдердің интернет премьерасы өтеді
Наурыз айында қандай фильмдердің интернет премьерасы өтеді/Фото: Кинопоиск

Наурыз айында Кинопоиск көрермендерге түрлі жанрдағы қызықты премьералар ұсынады. Олардың арасында көңілді отбасылық комедиялардан бастап, ауқымды анимациялық фильмдерге дейін бар.

«Келінжан 3» – сүйікті кейіпкерлер оралады!

Танымал франшизаның жаңа фильмі көрермендерді таныс кейіпкерлер мен тамаша әзілмен қуантады. Бұл жолы басты интрига – ауыл әкіміне кезектен тыс сайлау, оған Мәдібек қатысуға бел буады. Бірақ жеңіске жетуге оның мүмкіндігі бар ма? Себебі күтпеген қарсыластар пайда болады!

Фильм қазірдің өзінде Кинопоиск платформасына щығып үлгерді.

«Паддингтонның оқиғалары 3» – жүрекке жылы отбасылық фильм

Қазірдің өзінде сүйкімді аю Паддингтонның Перуге, Люси тәтесін көруге жасаған сапары туралы тамашалай аласыз. Жылы әрі көңілді оқиға қазақ тілінде дыбысталған әрі бүкіл отбасымен көруге тамаша таңдау.

«Титанға шабуыл: Соңғы шайқас» – аниме аңызының ауқымды финалы

«Титанға шабуыл» жанкүйерлері бұл сәтті көп күтті. Адамзат пен титан арасындағы соңғы шайқас ерекше әсер сыйлайды, ал Эрэн мен оның достарының тағдыры біржола шешіледі. Аты аңызға айналған аниме 15 наурыздан бастап Кинопоиск платформасында қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.

«Qazaq Alemi» – Нұрлан Қоянбаевтың кезекті комедиясы

20 наурыздан бастап Кинопоиск платформасында – Нұрлан Қоянбаевтың басты хиті көрсетіледі! Достар Бейбіт пен Ермек ауылда тұрады, алайда тағдыр оларды Алматыға жетелейді. Бейбіт танымал продюсердің видеографы болуды армандайды. Бұл жолдан олар өте ала ма? Фильмнің Кинопоиск платформасындағы бағасы – 8.3.

«Веном. Соңғы би» – суперқаһармандық франшизаның финалдық аккорды

Эдди Брок пен оның симбиот-досы Веном ғаламдық қауіппен қайтадан бетпе-бет келеді. Бұл жолы олар арнайы қызметтермен ғана емес, бөтенғаламдық жаулармен де күресуі керек. Керемет экшн, ерекше әзіл және басты рөлдегі Том Хардиді – өткізіп алмаңыз! Фильм қазақ тілінде де қолжетімді болады.

Кішкентай көрермендер үшін

Көктемгі демалыс кезінде балалар мен жасөспірімдер де өздеріне қызықты дүниелер таба алады:

  • «Иван Царевич және Сұр қасқыр 6»,
  • «Үйшіктегі Кузя»,
  • «Зүмірет қала сиқыршысы. Сары кірпіш жолы» (премьерасы – 15 наурыз)
    және басқа да мультфильмдер кішкентай көрермендерге ұнайтынына сенімдіміз.

Қазақстандықтар ақпанда Кинопоиск платформасында қандай фильмдер көрді?

Кинопоиск ақпан айында қазақстандықтардың ең көп қараған фильмдерін бөлісті:
1️⃣ «Заманback» – 90-жылдар атмосферасын қайтаратын Дархан Сәркеновтың ностальгиялық комедиясы.
2️⃣ «Әнел» – Ақан Сатаевтың қорқынышты фильмі көрермендерді шынымен шошытты.
3️⃣ «Бриджит Джонс. Ұлдарға ессіз ғашық» – танымал кейіпкердің махаббат оқиғаларының жалғасы.
4️⃣ «Тверь, менің есігімді қақ» – мансапқұмар әйел мен қырсық фермердің келісімі туралы романтикалық комедия.
5️⃣ «Таптым-ау сені 2» – танымал қазақстандық комедияның жалғасы.

Сондай-ақ, ең көп қаралған фильмдер қатарына:
🎬 «Нархоз. Студент көке»,
🎬 «Граф Монте-Кристо»,
🎬 «Нурикамал» – көрерменді өткен шаққа жетелейтін ретродрама,
🎬 «Айқай-шу» – драйв пен юморды біріктіретін криминалды комедия,
🎬 «Демис пен Марина» – талантты Демис Карибидис пен Марина Кравецтің қатысуымен түсірілген скетчком кірді.

Бұған дейін, кинотеатрлардан көрсетілетін фильмдердің ішінде қазақ фильмдерінің үлесі 40%-ға жақындап қалғаны туралы есеп жарияланған.

Сондай-ақ оқыңыз