Әлемдік сұраныс артып жатыр: Қазақстан шетелдік нарыққа қандай сирек металл сатады
Жарияланды

Таза энергетикаға көші мен электромобильдер қатарының артуына байланысты әлемде сирек металдарға деген сұраныс артып келеді. Бұл ретте Астана халықаралық қаржы орталығы (AIFC) сарапшыларының пікірінше, осы сұранысқа сай сирек маталдарды Қазақстан ұсына алады.
Орталықтың зерттеуі бойынша, елде экспорттық әлеуетке ие 9 тауар тобы бар. Олардың қатарында Қазақстан қазірдің өзінде экспорттап отырған металдар және болашақта әлеуеті ашылуы тиіс пайдалы қазбалар енген.
Қазақстан қандай металдарды экспорттайды?
- Мырыш. Қазақстанның әлемдік нарықтағы үлесі- 5%. 2023 жылы елде 6,7 млн тонна мырыш қоры тіркелген, Қазақстан әлем бойынша жетінші орында тұр. 2022 жылы мырыш экспортының 70%-ы Түркия, Ресей және Қытайға жіберілді.
- Мыс. Қазақстанның әлемдік нарықтағы үлесі- 4%. 2023 жылы Қазақстанда 20 млн тонна мыс қоры есептеліп, әлемде 11-орынға ие болды. 2022 жылы Қазақстаннан мыс негізінен Қытай, Түркия және БАӘ-ге экспортталды.
- Қорғасын. Қазақстанның әлемдік нарықтағы үлесі – 3%. 2021 жылы қорғасын қоры 2 млн тоннаны құрап, Қазақстан сегізінші орынға шықты. Мамандардың болжамынша, әлемдік сұраныс 2022 жылғы 11,6 млн тоннадан 2031 жылға қарай 13,4 млн тоннаға дейін өседі.
- Күміс. Қазақстан әлемдегі үшінші ірі күміс қоры бар елдердің қатарына кіреді. Kazakh Invest мәліметінше, жыл сайын күміске деген әлемдік сұраныс шамамен 26 мың тонна.
- Алюминий – Қазақстанның үлесі әлемдік нарықта 1%-дан төмен. 2023 жылы Қазақстанда 160 млн тонна боксит қоры тіркеліп, әлемде 11-орынға, ал өндіріс көлемі бойынша 10-орынға ие болды. 2022 жылы алюминий экспорты негізінен Түркия, Италия және Грекияға бағытталды.
Қай металдардың экспорттық әлеуеті әлі ашылмаған?
- Никель. Қазақстанда 1,5 млн тонна никель қоры бар, бұл әлемдік қордың 2%-ын құрайды. Алайда елдің әлемдік нарықтағы үлесі өте аз. Болжам бойынша, никельге деген жылдық жаһандық сұраныс 2022 жылғы 3 млн тоннадан 2030 жылға қарай 3,9-5,8 млн тоннаға, ал 2050 жылға дейін 4,8-6,5 млн тоннаға жетеді.
- Литий. AIFC мәліметінше, жасыл технологиялардың дамуына қарай литийге деген сұраныс 2022 жылғы 130 мың тоннадан 2030 жылға қарай 312-721 мың тоннаға дейін артуы мүмкін. Қазақстан литий қорларын зерттеу және игеру үшін Германия, Оңтүстік Корея және Ұлыбритания компанияларымен бірлесіп жұмыс істеуде. 2024 жылдың наурызында Кореялық геологиялық институты Шығыс Қазақстанда литийдің жаңа кен орнын тапты. Оның литий құрамы 5,3% болып, шамамен 15,7 млрд доллар деп бағаланды.
- Басқа да сирек және сирек жер металдары – 2020 жылдан бастап Қазақстанда бұл металдардың экспорты 3,8 есе артты. 2023 жылдың желтоқсанында Қазақстан үкіметі 2024-2028 жылдарға арналған сирек металдарды дамыту жоспарын қабылдады. Осы бес жыл ішінде бұл салаға 2,4 млрд теңге инвестиция құю жоспарланған 2024 жылдың мамыр айында Қазақстан Сенаты елдегі сирек металдардың 5 мыңға жуық кен орны бар екенін және олардың жалпы құны 46 трлн доллар болуы мүмкін екенін хабарлады.
2025 жылғы 13 наурызда, Қазақстан Еуропалық Одаққа маңызды шикізат жеткізуге келісім жасады. Тараптар құны 3 млн еуро болатын келісімшартқа қол қойды.