Дональд Трамп Қырымды Ресей аумағы ретінде мойындауы мүмкін

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
АҚШ Қырым қаласын Ресей аумағы ретінде мойындауы мүмкін / Фото: shutterstock

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина бойынша бейбіт келісім аясында Қырымды Ресейдің бөлігі ретінде мойындауды қарастырып жатыр. Бұл туралы Semafor басылымы Ақ үйдегі жоғары лауазымды шенеуніктерге сілтеме жасап хабарлады.

Ақ үйдің ұстанымы

Басылымның мәліметінше, Ақ үй бұл қадамды Украинаның шығысында атысты тоқтатуға ықпал ететін маңызды шешім деп санайды. Тіпті, Вашингтонның БҰҰ-ға Қырымды Ресейдің аумағы ретінде халықаралық деңгейде мойындау жөнінде ұсыныс жасау мүмкіндігі талқыланып жатыр.

Дегенмен, бұл мәселе бойынша Трамп әлі нақты шешім қабылдаған жоқ. Қазіргі уақытта түрлі нұсқаларды қарастырып, Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу шарттарына енгізу мүмкіндігін зерттеп отыр.

АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің пікірі

АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Брайан Хьюз Ақ үйдің бұл мәселеде ешқандай міндеттеме алмағанын және мұндай келіссөздерді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізбейтінін айтты.

«Екі апта бұрын ғана Украина мен Ресей арасындағы атысты тоқтату келісімі әлі алыс болатын. Ал қазір президенттің әрекеттерінің арқасында біз бейбітшілікке бір қадам жақындадық. Біздің басты мақсатымыз – адамдардың қаза табуын тоқтату және бұл қақтығысқа бейбіт шешім табу,» – деді Хьюз.

Еске сала кетейік, бұған дейін Трамп Путинмен нәтижелі келіссөз жүргізгенін мәлімдеген еді.

Сондай-ақ оқыңыз