«Қазақфильмде» қазақтілді режиссерлердің құқы шектеліп келе ме – Мәдениет министрлігінің жауабы

Қазақстан «Кинематографистер одағының» өкілдері «Қазақфильмде» қазақтілді режиссерлердің құқы шектелетінін мәлімдеді. Одақ өкілдерінің айтуынша, «Қазақфильмде» қазақтілді режиссерлерге қаржылық қолдау көрсетілмей, дискриманцияға ұшырап отыр. Бұл мәселеге қатысты Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евегний Кочетов пікір білдірді.
«Ол жерде мәселе қазақ анимациясына қатысты болған. Ешкім қазақтілді режиссерлерге қысым көрсетіп, дискриминация жасаған жоқ. Ал қаржыландыруға бір оператор яғни Ұлттық кино орталығы жауапты. Ол жерде қазақ тілді контентке ешкім шектеу қойып отырған жоқ деп 100 пайыз сенімділікпен айтамын», – деді министрлік өкілі.
Кочетов кинематографистер одағы мүшелерінің дискриминацияға ұшырағаны туралы мәлімдемесінен кейін мәселенің анық-қанығын анықтауға көшкенін мәлімдеді.
«Дискриманцияға жол бермейміз», – деді вице-министр.