2 пайыздық ипотекаға өтінім қабылдау жүріп жатыр. Кім ала алады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
2 пайыздық ипотекаға өтінім қабылдау жүріп жатыр. Кім ала алады
2 пайыздық ипотекаға өтінім қабылдау жүріп жатыр. Кім ала алады/Фото: shutterstock

«Отбасы банк» жылдық мөлшерлемесі 2-5% аралығындағы ипотекалық несиелер бойынша өтінім қабылдау басталғанын хабарлады, деп жазады krisha.kz сайты.

Ипотека арқылы Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі белгілі бір тұрғын үй кешендерінен пәтер алуға болады.

Міндетті шарттар:

  • тұрғын үй кезегінде тұру;
  • «Отбасы банк» салымшысы болу;
  • шотта несие сомасының кемінде 10%-ы болуы.

Өтінімдер Otbasybank.kz сайтында қабылданады.

Өтінім қабылданып жатқан өңірлер

Текелі
– Ғарышкерлер көшесі, 3а мекенжайындағы тұрғын үй кешені.
– Пәтер саны: 40
– 1 м² бағасы: 160 000 теңге (таза әрлеуде).
– Өтінім қабылдау мерзімі: 11-26 наурыз.

Павлодар
– Ладожская көшесі, 8 және 19 мекенжайындағы тұрғын үй кешені.
– 1 м² бағасы: 160 000 теңге (таза әрлеуде).
– Өтінім қабылдау мерзімі: 18-27 наурыз.

Ақсу
– Строителей көшесі, 45/2 мекенжайындағы жаңа тұрғын үй кешені.
– Пәтер саны: 66
– 1 м² бағасы: 240 000 теңге (таза әрлеуде).
– Өтінім қабылдау мерзімі: 19 наурызға дейін.

Қостанай облысы
– Фёдоровка ауылы, Красноармейская көшесі, 23.
– Пәтер саны: 17 (1 және 2 бөлмелі).
– 1 м² бағасы: 180 000 теңге (таза әрлеуде).
– Өтінім қабылдау мерзімі: 19 наурыз – 3 сәуір.

Жаркент
– Панфилов ауданы, Бесбаев көшесі, 80 және 82.
– Пәтер саны: 120
– Өтінім қабылдау мерзімі: 11-26 наурыз.

Айта кетейік, қазіргі уақытта «Наурыз», «Алматы жастары» және «Наурыз жұмыскер» ипотекалық бағдарламаларына өтінім қабылдау жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз