Қарағандыда ер адам көпқабатты үйді жарып жібермек болған

Қарағандыда көпқабатты үйді жарып жіберетінін айтқан ер адамды психоневрологиялық диспансерге алып кетті. Бұл туралы Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға 18 наурызда болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам Гапеев көшесіндегі өз пәтерінде газ құбырын жұлып алып, оны терезеден лақтырған. Содан кейін қолына оттық алып, терезе алдына тұрған. Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі ер адам көршісі екенін танып қойған.
Артынша 102 нөміріне қоңырау шалып, 37 жастағы ер адам пәтерінде мас күйде газ вентилін ашып, есікті ашпай отырғанын хабарлаған. Оқиға орнына жеткен төтенше жағдайлар қызметкерлері жалпы газды ажыратып, ғимараттан 38 адамды эвакуациялаған.
«Полицейлер есікті бұзып кіріп, ер адамды ұстады және психоневрологиялық диспансерге орналастырды. Оперативті қызметтердің үйлесімді жұмысының арқасында мүмкін болатын салдарлардың алдын алынып, тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді», – делінген полиция департаменті хабарламасында.
Көктем мезгілінде кей адамдардың ауруы қозатыны бар. Ғалымдар мұның бірнеше себебі бар екенін айтады.