Билікті сынап келген Зайытов Мәжіліске келген соң, көп нәрсені түсінгенін айтты

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Ринат Зайытов
Ринат Зайытов күнделікті жұмысқа келерде аяғы дірілдейтінін айтты / Фото: kursiv.media архив

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың арқасында Қазақстанның ұлы жетістіктерге қадам басқанын айтты. Ақын мақтанатын, ақталатын, атқаратын жұмыс көп екенін айтады.

«Ұлудың жылдамдығымен жүрсек те, ұлы жетістіктерге бара жатқанымыз анық. Бұл – тікелей Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саяси институттарға, ойы бөлек азаматтарға деген сенімінің арқасы. Қазақта «балпаң-балпаң кім баспас, басуға балтыр шыдаса», – деген жақсы сөз бар. Осы сөздің мағынасын мен шынымен Мәжіліске келгенде ғана түсінгендеймін», – деді депутат.

Сонымен бірге депутат күнде жұмысқа келетінде халық алдындағы жауапкершіліктен аяғы дірілдейтінін айтты. Бірақ артынша мәжіліске келген уақыттан бері қадамы нықталып, бойы шыныққанын тағы жеткізді.

«Дегенмен беталысымыз жаман емес. Бүгінде мемлекетте болып жатқан өзгерістерді «көрмес» қана байқамайды. Парламент халыққа ашық түрде жұмыс істеп жатыр. Көтерілмей қалған мәселе, айтылмай қалған ой жоқ. Осылайша, қоғамды толғандыратын көптеген мәселе шешімін тауып, елдің іргесі беки түсті. Әрбір игі іс жүзеге асқан сайын халықтың билікке деген сенімі артып келеді», – деді мемлекттегі оң өзгерістердің барлығының негізінде Президенттің ойлы саясаты мен батыл бастамалары тұр. Уығы мықты үйдің ғана шаңырағы шайқалмайтыны баршамызға аян

Депутат мемлекеттегі оң өзгерістердің барлығының негізінде президенттің «ойлы саясаты мен батыл бастамалары» тұрғанын айтып, Қазақстанды уығы мықты үйге теңеді. Ал сөзінің соңында жыр арнап көпшілікті «жалғанның жалтыраған бұйымы үшін таласпауға» шақырды.

Айта кетсек, бұған дейін Зайытов «популист депутат» деген сынға қалған болатын. Өз сөзінде бұл сынға да жауап берді.

«Кейде тіпті көтерген сұрағыңа орынсыз сын тағып, «Осы мәселе сендер қозғайтын тақырып па? Неге жоғарыдағылар ұсақ-түйек мәселелер қозғайды» деп жатады. Өз басым бұл сынмен келіспеймін. Себебі біз – бір мемлекетпіз! Сондықтан ұсақ, ірі демей, әр мәселеге бірдей жұмылуымыз керек», – деді Зайытов.

Сондай-ақ оқыңыз