Солтүстік Қазақстанды су алу қаупі күшейді: Есіл деңгейі 1 метрге көтерілді

Солтүстік Қазақстанды су алу қаупі күшейіп тұр. Өйткені Есіл өзенінің деңгейі бір тәулікте 1 метрге дейін көтерілген.
Қауіп қайдан?
Petropavlovsk.news хабарлауынша, Петропавл су қоймасындағы Есіл өзенінің су деңгейі 3 сантиметрге көтерілген. Бұл – 19 наурыз күні таңғы сағат 8-дегі мәлімет.
«Мұздың қалыңдығы – 33 см, су деңгейі – 700 см. Сергеев су қоймасында тәулігіне су деңгейі 5 см-ге көтеріліп, мұз қалыңдығы 77 см-ге жеткен. Су жіберу жылдамдығы – 18,3 м³/сек. Бірнеше аптадан бері өзгеріссіз тұр», – деп хабарлайды ақпарат көзі.
Ал Покровка ауылы маңында Есіл өзенінің деңгейі күрт көтеріліп, бір тәулікте су 106 см-ге дейін жоғарылаған. Ал Шағалалы өзенінің деңгейі Солтүстік ауылы тұсында 34 см-ге төмендепті.
Тәуліктік өзгерістер
Бабықбұрлық өзеніне келсек, Гусаковка ауылында 4 см-ге көтерілген. Ковыльное ауылының тұсында Аққанбурлық өзеніне де су 3 см-ге артқан. Шарық өзені Андреевка ауылының тұсында 3 см-ге көбейгені анықталып отыр. Рузаевка ауылының маңында Шарық өзені 4 см-ге көтеріліпті.
Аққанбұрлық өзенінің суы 2 см-ге жоғарылаған. Алайда қауіпті деңгейдің ауылы алыс.
Ең көп көтерілген өзендер – Мұқыр, Иманбұрлық. 8 см-дан 17 см-ға дейін артқан. Бұл өзендерден Солтүстік Қазақстанды су басу қатері әзірге аз.
Есіл өзені қалай көтеріліп жатыр?
«Қазгидромет» Солтүстік Қазақстан филиалы мәліметі Есіл өзенінің арнасына қатысты мәлімет жариялады.
Оған қарағанда, Тоқсан би ауылы: +33 см, су деңгейі – 332 см (қауіпті деңгей – 1800 см). Крещенка ауылы: +16 см, су деңгейі – 815 см (қауіпті деңгей – 1900 см). Сергеевка қаласы: +1 см, су деңгейі – 224 см (қауіпті деңгей – 1250 см). Покровка ауылы: +106 см, су деңгейі – 271 см (қауіпті деңгей – 950 см). Новоникольское ауылы: +5 см, су деңгейі – 579 см (қауіпті деңгей – 1540 см). Петропавл қаласы (Борки ауылы): өзгеріссіз, су деңгейі – 260 см (қауіпті деңгей – 960 см).
Тораңғыл қауіпті деңгейге көтерілді
Тораңғылда қауіпті деңгейге 15 см ғана қалып тұр. «Қазгидромет» мәліметінше, Үлкен Тораңғыл көлі су деңгейі – 340 см-ге жеткен. Ал қауіпті деңгей – 365 см. Осы көл Солтүстік Қазақстанды су басу қатерін арттырып отыр.
Ал Долматово ауылы: +6 см, су деңгейі – 518 см (қауіпті деңгей – 1450 см). Шаптықөл ауылы: +9 см, су деңгейі – 314 см. Шат өзені, Ленинградское ауылы: +127 см, су деңгейі – 574 см. Шағалалы өзені, Солтүстік ауылы: -34 см, су деңгейі – 161 см (қауіпті деңгей – 400 см). Қамысақты өзені, Ясновка ауылы: +57 см, су деңгейі – 559 см (қауіпті деңгей – 741 см).
Мұның алдында Ұлытау облысы тасқын қаупіне байланысты адам мен малды эвакуациялауға дайындалатыны туралы хабарлаған едік.