Наурыз мейрамында Алматы жолдарындағы көлік қозғалысы арта түспек
Жарияланды

Sergek компаниясы өткен жылдың статистикасына сүйене отырып, Алматы қаласындағы жолдардың жүктемесі Наурыз мерекесі кезінде айтарлықтай артатынын болжады.
2024 жылдың 20 наурызында қала көшелеріндегі көлік қозғалысының қарқындылығы 19-36%-ға артқан.
Ең үлкен өсім: Шығыс айналма жол учаскесінде – 36%, Әл-Фараби даңғылының шығыс бөлігінде – 31%
Дегенмен, көлік қозғалысының артуы күні бойы біркелкі таралып, қарбалас сағаттарда үлкен кептелістер тудырмаған.
Sergek ұсынатын кеңестер
- Маршрутты алдын ала жоспарлау
- Кешкі уақытта жолға кететін уақытты 15-20%-ға ұлғайту
- Қатты жүктелген уақыттарда жолға шықпауды қарастыру
- Қоғамдық көлікті пайдалануға немесе жақын маңда мерекелеуді таңдауға кеңес беріледі.
Наурыз мерекесі кезінде қала тұрғындары мен қонақтары көлік қозғалысының қарқындылығын ескеріп, сапарын алдын ала жоспарласа, ыңғайсыздықтың алдын алуға болады.