Экс-вице-министр Қожағапанов 12 жылға сотталуы мүмкін
Жарияланды

Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі Ерлан Қожағапанов 12 жылға сотталуы мүмкін. Бұл туралы Сенат кулуарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев айтты.
«Сот жүріп жатыр. Аяқталуға жақын қалды деп ойлаймын. Тағылған айып бойынша оған 7 жылдан 12 жылға дейін жаза қарастырылуы мүмкін. Сот барлық мән-жайды ескере отырып үкім шығарады деп сенем. Сот ашық өтіп жатыр», – деп мәлімдеді агенттік өкілі.
Айта кетсек, Ерлан Қожағапановқа қатысты тергеу 5 қаңтарда аяқталған болатын. Агенттіктің мәліметінше, шенеунік мердігер ұйымның басшысымен алдын-ала сөз байласып, 1 млрд теңгеге жуық қаржы жымқырды деп айыпталып отыр.