Прокуратура құны 26,7 млрд теңге болатын Теке көлін мемлекетке қайтарды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: коллаж Kursiv Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы ерекше экожүйесі бар Теке көлін мемлекет меншігіне қайтарды. Көлдің жалпы ауданы 21,5 мың гектарды құрайды, ал кадастрлық құны 26,7 млрд теңгеге тең.

2020 жылы жергілікті атқарушы органдар тұз өндіру жөніндегі келісімшарт аясында көлді жекеменшік компанияның пайдалануына берген. Кейіннен көлдің су айдынын қамтитын жер телімі жалға берілді. Алайда 2022 жылы келісімшарт мерзімі аяқталғанына қарамастан, уәкілетті орган оны біржақты тәртіпте бұзуға екі жыл бойы ешқандай шара қабылдамаған. Бұл Жер кодексінің бұзылуына және су қоры жерлерінің мақсатсыз пайдаланылуына әкелді.

Прокуратураның араласуымен жалға беру келісімі сотқа дейінгі тәртіпте біржақты бұзылып, көл мемлекеттік меншікке қайтарылды. Сонымен қатар бұл өзгеріс ресми интернет-ресурстарда тіркеліп, уәкілетті органның әрекетсіздігі анықталды. Осыған байланысты жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Теке көлі өзінің ерекше экожүйесімен, ащы суының құрамымен және тұз кен орындарымен танымал.

Жалпы осы жылы ауыл шаруашылық министрлігі пайдаланылмай жатқан 2 га жерді мемлекет меншігіне қайтаруды жоспарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз