Қазақстандықтар сәуір айында қанша күн демалады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстандықтар сәуір айында қанша күн демалады / фото: shutterstock

2025 жылдың сәуір айында қазақстандықтар үшін қосымша ресми мерекелік демалыс күндері қарастырылмаған. Яғни, бұл айда мемлекеттік немесе ұлттық мерекелер жоқ. Сондықтан бес күндік жұмыс аптасы бар азаматтар сәуірде 20 жұмыс күні және 10 демалыс күнімен шектеледі.

Дегенмен, сәуір айында ел ішінде маңызы бар бірқатар бейресми мереке бар.

  • 1 сәуір – Күлкі күні. Бұл күні көпшілік әзіл-қалжың айтып, бір-бірін қуантуға тырысады. Әлем елдерімен қатар, Қазақстанда да кеңінен танымал.
  • 12 сәуір – Ғарышкерлер күні. Бұл күн – адамзаттың алғаш ғарышқа шыққан тарихи сәті еске алынатын күн. Қазақстан үшін бұл күн ерекше, себебі алғашқы ғарышкер Юрий Гагарин Байқоңырдан ұшқан.
  • 15 сәуір – Қозы Көрпеш – Баян сұлу ғашықтар күні. Қазақ халқының мәңгілік махаббат символына айналған қос ғашықтың құрметіне арналған бұл күн жастар арасында махаббат мерекесі ретінде аталып өтеді.

Сонымен қатар, 1 сәyір күні атақты композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойы Республика деңгейде аталып өтеді.

Аталған күндер ресми демалыс болмаса да, мәдени және қоғамдық тұрғыдан елеулі даталар.

Сондай-ақ оқыңыз