Армения парламенті ЕуроОдаққа мүшелік туралы заңды қабылдады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Армения парламенті ЕО-ға мүшелік туралы заңды қабылдады
Армения парламенті ЕО-ға мүшелік туралы заңды қабылдады/Фото: picture-alliance/dpa/V. Baghdasaryan

Армения парламенті «Армения Республикасының Еуропалық Одаққа кіру процесін бастау туралы» заңды екінші оқылымда мақұлдады. Құжатты 64 депутат қолдап, 7 депутат қарсы дауыс берген.

Еуропарламент заң жобасын қабылдауды құптады

ЕуроОдақ Ереван парламентінің заң жобасын қабылдауын «ЕО мен Армения арасындағы берік қарым-қатынастың тағы бір маңызды қадамы» ретінде бағалады.

«Еуропалық Одақ туралы шарттың 49-бабына сәйкес, Копенгаген критерийлері мен демократия қағидаттарын ұстанса, негізгі бостандықтар мен адам құқықтарын, азшылықтардың құқықтарын құрметтесе, сондай-ақ заң үстемдігін сақтаса кез келген еуропалық мемлекет ЕО-ға мүшелікке өтініш бере алады», – деді Еуропарламенттің Оңтүстік Кавказбен байланыс жөніндегі делегациясының басшысы Нил Ушаков пен Армения бойынша тұрақты баяндамашы Мириам Лексманның бірлескен мәлімдемесінде.

Еуропарламент өкілдері ЕО-ға кіру ұзақ, күрделі және жетістіктерге негізделген процесс екенін еске салды.

Азаматтық бастама

ЕО-ға кіру процесін бастау туралы заң жобасын «Демократиялық күштер платформасы» атты азаматтық бастама көтерген. Бұл бастама екі ай ішінде қажетті 50 мың қолдың орнына 60 мың қол жинаған. Үкімет құжатқа қаңтар айында қолдау білдірсе, ақпан айының ортасында парламент оны алғашқы оқылымда мақұлдаған.

Армения ҰҚШҰ Әзербайжанмен соғыста тиісті міндеттемелерін орындамады деп, ұйымнан шығатынын мәлімдегеннен кейін, Еуропамен интеграциялануға тырысып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз